Жаңа еңбек министрі Біржан Нұрымбетов ант берді

0
730

Біржан Нұрымбетов аталған қызметке таяуда ғана тағайындалған болатын.


Жаңа еңбек министрі Біржан Нұрымбетов ант берді

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында таяуда ғана ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ант берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптірін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!», - деді министр лауазымына кіріскен Біржан Нұрымбетов.