Жаңа латын әліпбиінде кирил әріптері болуы мүмкін

0
2 392

Латын әліпбиінің тағы үш түрі бар көрінеді.


Жаңа латын әліпбиінде кирил әріптері болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақ әліпбиінің латын әріптерімен жазылуының тағы бір нұсқасы таныстырылды. Қазақша латын әліпбиінде 4 кирил әріпі болуы мүмкін, деп жазады Stan.kz.

«Ә», «ө», «ұ» және «ү» әріптерін латынға көшіру қиын болыпты. Жаңадан құрастырылған әліпбиде 31 әріп болады деп жоспарлануда. Қаріптердің бұл түрімен жазылған сөздер мысалы былай болады екен: "Күләш" деген есім "Kүlәş" деп жазылады.

Бұл нұсқаның сәтсіз екендігін А. Байтұрсынов атындағы тіл институтының мамандары мойындап отыр. Десек те латын әліпбиінің тағы үш түрі бар көрінеді.

Дегенмен тіл мамандары жоғарыда айтылған әріптерден басқа "ң" мен "ш" белгілерін де латынға ауыстыру қиынға соғуда екенін жеткізді. Басында "ш" әріпін "sh" деп жазу ұсынылған, алайда бұл кезде асхана сөзі, ashana болып, жазылғанда мағынасын жоғалтады екен. Ал "ң"-ді "ŋ" деп қолмен жазу азаматтар үшін оңай болмауы мүмкін.

Тағы бір атап кетерлік жайт, жаңа әліпбиде ұқсас "ı" және "і" белгілерінің болуы. Үстінде нүктесі жоқ әріп "и" деп оқылса, ал нүктесі бары "ірімшік" сөзіндегі "і" екен. Сол себепті қаріпті құрастырумен айналысып жүргендер бас іріптің үстінен де нүкте қоюды ұсыныпты.