Жаңа оқу жылында қанша оқушы тегін тамақ ішеді

0
375

Тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушылары қамтылады.


Жаңа оқу жылында қанша оқушы тегін тамақ ішеді

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, деп жазады sputnik.kz.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артқан.
"Тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтылады", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің басшысы салтанатты сап түзеу жексенбіге сәйкес келгеніне қарамастан 1 қыркүйекте өтетінін мәлімдеді. Оған 4 миллионға жуық мектеп оқушысы қатысады. Бірінші сыныпқа қабылданатын 360 мың оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылады.
Мектептердің 87%-ы дабыл түймесімен қамтамасыз етілсе, 62%-ы турникетпен жабдықталды, білім беру мекемелерінің 72%-ы лицензиясы бар күзет органдарымен келісімшартқа отырған.