Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарына Ashyq енгізіледі

0
441

Қазақстанда ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің 40 пайызға жуығы, сондай-ақ білім алушылардың 20 пайыздан астамы вакцина салдырған.


Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарына Ashyq енгізіледі

ERNUR.KZ. Жаңа оқу жылында қазақстандық жоғары оқу орындары Ashyq жүйесіне қосылады. Бұл ақпаратты Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, деп жазады Tengrinews.kz.

БҒМ мәліметі бойынша, Қазақстанда ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің 40 пайызға жуығы, сондай-ақ білім алушылардың 20 пайыздан астамы вакцина салдырған.

"Жоғары оқу орындарына оқу жылының басында Ashyq жүйесі толық енгізіледі", - деді министрлік өкілдері.

Ведомство мәліметі бойынша, жоғары оқу орындары жаңа оқу жылына дайындық бойынша толық режимде, барлық ЖОО инфрақұрылым дайындығын тексеру, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді жасақтау бойынша бірінші дәрежелі шаралар кешенін аяқтаған.

"Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы еліміздің барлық жоғары оқу орны басшылығына осы бағытта жүйелі және кешенді негізде белсенді жұмыс жүргізуге және вакцина салдырған оқытушыларына, қызметкерлері мен студенттеріне ынталандыру шараларын өткізуге шақырды.
Студенттерге айыппұл санкцияларын қолдану қазақстандық заңнамаға сәйкес алып тасталды. Оқу процесі санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың толық сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, сабақ өткізу кезіндегі әлеуметтік арақашықтықты ескеріп ұйымдастырылады", - делінген БҒМ хабарламасында.

Қазақстандық жоғары оқу орындары студенттер мен қызметкерлер арасында вакцинацияны қолдау акциясын іске қосады. БҒМ мәліметі бойынша, COVID-19-ға қарсы екпе салдырған студенттер жоғары оқу орындарында оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер мен түрлі сыйлықтар алады.

Бұған дейін жоғары оқу орындары вакцина салдырған студенттер мен қызметкерлер арасында ұтыс ойнататыны белгілі болған еді.