Жаңа статистика басталғанда, елде науқастар саны өте тез өседі – ДДСҰ

0
615

Бірақ ол статистика қалай өзгерсе де, босаңсуға болмайтыны ескертілді.


Жаңа статистика басталғанда, елде науқастар саны өте тез өседі – ДДСҰ

ERNUR.KZ. Қазақстан пневмония мен коронавирус инфекциясының статистикасын біріктірген кезде, яғни, 1 тамыз күні елдегі вирус жұқтырғандар саны өте тез өседі. Бұл қалыпты құбылыс екенін ескертсе де, ДДСҰ Еуропалық кеңсесінің төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры доктор Дорит Ницзан қандай жағдайда да босаңсуға болмайды дейді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Статистика қайта квалификацияланған кезде, COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өскендей көрінеді. Әсіресе, бұл процесс бастала қалғанда қатты байқалады. Бірақ бұл коронавирусты енді жұқтырғандар көбейді деген сөз емес. Бұл ескі базаны жаңаша есептеуге көшкенде болатын жағдай», - деді ол.

Бірақ ол статистика қалай өзгерсе де, босаңсуға болмайтынын ескертті.

«Қандай жағдай болмасын, вирус қалады, сондықтан оны тоқтату үшін Мемлекетке барлық деңгейдегі көмек керек. Дәл қазір медицина қызметкерлері, азаматтық қоғам вирусты жеңу үшін бірлесе әрекет етуі керек. ДДСҰ әрқашан Қазақстанды қолдайды және осы елдің, Еуропаның және әлем халқының денсаулығын сақтау үшін қызмет етеді», - деді дәрігер Ницзан.