Жаңа тәртіп: шетелдіктер енді Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүре алады

0
845

Ішкі істер министрлігі елімізде 30 күнге дейін болатын барлық санаттағы шетелдік азаматтарды уақытша тіркеу тәртібін тоқтатады.


Жаңа тәртіп: шетелдіктер енді Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүре алады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге елге келетін шетелдіктерді тіркеу тәртібін әзірледі, деп жазады sputniknews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қылмыстық, қылмыстық-процесуалдық заңнамаларды жетілдіру және жеке тұлғалардың құқығын қорғауды күшейту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Ол БАҚ-та жарияланғаннан кейін 10 күнде күшіне енеді.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік қонақтың келгені жөнінде қабылдаушы тарап көші-қон қызметін елге келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс.

Шетелдіктің Қазақстанға келгенін хабарлау рәсімі бүгінгі күні барынша жеңілдетілді және көші-қон қызметінің бөлімдеріне баруды талап етпейді.

Визалық-көші-қон порталында (www.vmp.gov.kz) мыналар жасалуы қажет:

  • Шетелдік туралы және қажет болған жағдайда оның балалары туралы мәліметтерді толтыру;
  • Толтырылған өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қою;
  • 15 минуттан кейін жеке кабинетте сақталатын дайын құжатты алу.

Бұл қызмет тегін көрсетіледі және мұны ішкі істер министлігі 2014 жылдан бастап ұсынып келеді. Биылғы жылы оны 250 қонақ үй пайдаланды, олар 110 000 шетелдіктің болғаны туралы мәлімет берді.

Шетелдік азамат Қазақстан аумағында 30 тәуліктен артық болған кезде қабылдаушы тарап (қонақ үйлер, хостелдер, жалға берілетін пәтерлер, емдеу-алдын алу мекемелері және басқа да заңды және жеке тұлғалар) мейманға уақытша болуға рұқсат ресімдеуге міндетті.