​Жаңа туылған нәрестелерді сатып келген дәрігерлер ұсталды

0
1 226

Осындай мәлімдемені Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев айтқан.


​Жаңа туылған нәрестелерді сатып келген дәрігерлер ұсталды

ERNUR.KZ.Қарасай аудандық полициясының жүргізген арнайы операциясы нәтижесінде жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан топ ұсталды, деп жазады kyn.kz.

Осындай мәлімдемені Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев айтқан.

Оның хабарлауынша, ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының және Қарасай аудандық полициясының қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан топ ұсталды.

«Аталмыш іс Қылмыстық кодекстің 135-бабының екінші тармағы – «Кәмелеттік жасқа толмаған адамды сатып алу-сату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Ұсталған азаматтарға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мәселесі шешіліп жатыр. Күдікті тұлғалар ретінде медицина қызметкерлерінің аты-жөні аталуда. Тергеудің құпия жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ол.