Өткен жылы жаңа жыл мерекесі кезінде ішек инфекцияларының 64 жағдайы тіркелді.
ERNUR.KZ. Алматылық эпидемиолог тамақтан уланбаудың қарапайым ережелерін түсіндіріп берді, деп жазады ҚазАқпарат.
Өткен жылы жаңа жыл мерекесі кезінде ішек инфекцияларының 64 жағдайы тіркелді. Уланудың негізгі себептері майонез қосылған салаттарды жеу 2-3 тұрып қалған тамақты пайдалану. Сондай-ақ, асқазан-ішек жолдарының бұзылуына әкелетін (тәтті, кілегейлі кондитерлік өнімдер, көкөністер мен жемістер, майшабақ, алкоголь және т.б.) бір уақытта шамадан тыс тұтынудан болуы мүмкін.
Осыған байланысты Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жаңа жылдық мереке кезінде уланудан қалай сақтану керектігін айтты.
- Жаңа жылда тамақтан уланып қалуды қалай болдырмауға болады?
- Жаңа жылдық мереке кезінде ескі өнімдермен немесе дұрыс дайындалмаған тағамдардан уланып қалуға болады. Сондай-ақ, уланудың себебі қолында жиналған зиянды бактериялар болуы мүмкін. Қауіпті салдардан аулақ болуға көмектесетін қарапайым ережелерді есте сақтау қажет:
- қолды жиі жуу;
- ас үйдегі жұмыс орнының тазалығы, әсіресе шикі ет, жұмыртқа, балық, шикі көкөністер, теңіз өнімдері сияқты тағамдар дайындалған кезде;
- жануардың немесе құстың шикі етін сатып алғанда, оның сапасына көз жеткізіп, сақтау мерзімі туралы білу керек;
- дайын тағамдар мен шикі өнімдерді сақтау шарттарын сақтай отырып, тоңазытқыштың шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу маңызды. Бұл әсіресе жаңа жыл кезеңінде, адамдар көптеген азық-түлік сатып алуға бейім болған кезде маңызды. Дайын тамақ өнімдерінің қалдықтарын балконда сақтауға жол бермеу.
- Қандай тағамдар көбінесе астың қорытылмай қалуын немесе улануды тудыруы мүмкін?
- Жаңа жылдық дастархан – бұл ет және ірімшік өнімдері, майонез астындағы салаттар мен ыстық майлы тағамдар және т.б. мерекелік тағамдарды дайындауда жұмыртқа мен сүттен жасалған тағамдар, майонез қосылған салаттар, әдетте тез бұзылатын тағамдарға жатады. Олар сальмонеллез сияқты ауыр ауруларды тудыруы мүмкін. Сондай-ақ теңіз, кондитерлік өнімдер. Мысалы, майонез қосылған салаттардың қалдықтарын тоңазытқышта бірнеше сағат бойы сақтауға болады. Суши - оларды миллиондаған адамдар жақсы көреді және көбінесе мерекелік үстелдің безендірілуіне айналады, бірақ оларды дайындау мен сақтау өте қиын. Сақтау, өңдеу және т. б. жағдайлары бұзылған болса, кез келген басқа өнімдермен улану қаупі бар.
- Жаңа жыл күндерінде жаңа дайындалған тағамдарды жеп, оларды мерекеден кейін бір күн немесе одан да көп уақытқа сақтамаған дұрыс. Тағам дайындау кезінде келесі ережелерді ұсынамыз:
- азық-түлік өнімдерін жарамдылық мерзімін, тауардың сыртқы түрін зерттей отырып, тек белгіленген жерлерден сатып алыңыз. Егер өнімнің бұзылуы мүмкін деген күдік болса, оны алудың қажеті жоқ;
- жеміс-жидектерді мұқият жуыңыз;
- салаттарды қажетінше даярлаңыз;
- кондитерлік өнімдерді, әсіресе кремі бар өнімдерді тоңазытқышта сақтаңыз;
- күрделі экзотикалық тағамдар мен жемістерден бас тарту, өйткені мұндай тағамға әдеттен тыс асқазан жұмысы бұзылуы мүмкін, ал оның соңы ең жеңіл дегенде улануға әкеп соғуы мүмкін;
- шикі және пісірілген жұмыртқалармен, теңіз өнімдерімен тәжірибе жасамаңыз.
Мереке күндері COVID-19-мен күрделі жағдайды ескере отырып, қала тұрғындарына адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және масканы міндетті түрде қолдануды және оларды қолдану ережелерін ұмытпауға кеңес береміз.
Еске сала кетейік, қалада отбасылық, салтанатты, мерекелік, еске алу іс-шараларын, атап айтқанда банкеттерді, оның ішінде адамдар көп жиналатын (10 адамнан астам) үйде өткізуге тыйым салынады. Барлық ұйымдар мен мекемелерде жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды («Аяз Ата, Ақшақар» және т.б. жаңа жылдық кейіпкерлерін) үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады.