Жаңадан енгізілетін патриотизм сабағында балалар нені оқып-үйренеді

0
942

Сыныптар мен жас ерекшелігіне қарай балалар бңрнеше бағыттар бойынша оқытылады.


Жаңадан енгізілетін патриотизм сабағында балалар нені оқып-үйренеді

ERNUR.KZ. 5-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы факультатив форматында оқытылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, курс мынадай модульдерден тұрады:

- Қаржы сауаты және кәсіпкерлік негіздері,

- Азаматтық,

- Парасат пен әдеп,

- Экология мәдениеті,

- Сыни тұрғыдан ойлау,

- Зайырлылық және дінтану негіздері,

- Медиасауат.

Сыныптар мен жас ерекшелігіне қарай балалар осы бағыттар бойынша оқытылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мектептерінде патриотизм туралы жаңа сабақ енгізілетінін хабарлаған болатынбыз.