​Жаңадан салынып жатқан көпқабатты ғимарат өртенді (видео)

0
2 164

24 маусымда кешкі сағат 20.44-те Абай мен Гагарин даңғылдарының қиылысында орналасқан құрылыста өрт шыққан. Ғимарат "Ордасы" ЖШС-не тиесілі.


​Жаңадан салынып жатқан көпқабатты ғимарат өртенді (видео)

Алматыда салынып жатқан көпқабатты ғимарат өртенді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

24 маусымда кешкі сағат 20.44-те Абай мен Гагарин даңғылдарының қиылысында орналасқан құрылыста өрт шыққан. Ғимарат "Ордасы" ЖШС-не тиесілі.


"Оқиға салынып жатқан 18 қабатты пәтерде болған. Көпқабатты пәтердің 9, 11, 14-қабаттарында от тұтанған. 15 шаршы метр жерді жалын шарпыған. Өрт 21.02-де ауыздықталып, 21.34-те сөндірілген. Өрттің себебі – дәнекерлеу жұмысындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы. Оқиға орнына 21 өрт сөндірушісі аттанып, 9 өрт сөндіру құрылғысы пайдаланылды", - деп хабарлайды ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.