Жаңаөзен көшесінен табылған нәрестені баласы жоқ ерлі-зайыпты асырап алды

0
1 442

Ерлі-зайыптылар тастанды баланың оқиғасы туралы жаңалықтардан естіп, оған қамқор болғысы келген.


Жаңаөзен көшесінен табылған нәрестені баласы жоқ ерлі-зайыпты асырап алды

ERNUR.KZ. Жаңаөзен көшесінен табылған нәрестені көптен бері сәби сүйе алмай жүрген ерлі-зайыпты асырап алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Маңғыстау мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сара Ермұханованың айтуынша, бұл отбасының да, баланың тағдырын шешкен кездесу болды.


«Ерлі-зайыптылар сәбиді бірінші рет көруге келгенде біз көз жасымызға ерік бердік. Олар ұзақ уақыт жылдан бері балалы бола алмай жүрген екен. Тастанды баланың оқиғасы туралы жаңалықтардан естіп, біліп оған қамқор болғысы келген», - деді Сара Ермұханова.


Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзендегі «Рахат» шағын ауданындағы көшелердің бірінен нәресте табылғаны хабарланған еді.