Ол төрт қабатты үйдің төбесіне арнайы құрал-саймансыз шыққан.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жаңаөзендік «Өрмекші-адам» жайлы әуесқой түсірілім пайда болды, деп хабарлайды Хабар24.
Қазір бұл кадрлер ғаламторды қолданушылар арасында қызу талданып жатыр.
Төртқабатты үй төбесіне арнайы құрал-саймансыз шығып жүрген азамат әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы. Бір айдан соң 29 жасқа толатын жігіт бұл әрекетін әншейін ермек үшін деп жазған. Оның арманы каскадер болу.