Жаңаөзенде суицид жасаған сарбаздың өліміне махаббат себеп болуы мүмкін

0
631

Қатардағы жауынгер өз бөлмесінде дарға асылған.


Жаңаөзенде суицид жасаған сарбаздың өліміне махаббат себеп болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Әскери бөлім басшылығы Жаңаөзен қаласында әскери міндетін өтеп жүрген сарбаздың өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Болған жайт жөнінде гарнизонның тергеу органына хабар берілді. Әскеру міндетін өтеген жігіт жауапсыз махаббат сезімінен өзіне қол жұмсаған», - деді әскери бөлім командирінің әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасары Руслан Бөлегенов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Жаңаөзенде асылып қалған сарбаздың мәйіті табылғанын хабарлаған едік.

Қатардағы жауынгер өз бөлмесінде дарға асылған.

«2022 жылғы 15 желтоқсанда сағат 02.40-та 5548 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі Д. К. Еспосынов жатақхана бөлмесінде дарға асылған күйінде табылды. Мәйітті әріптесі көрген», - деген хабар таратты Ұлттық ұлан.

Сарбаз Дамир Қайратұлы Еспосынов 2003 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген.

Ұлты қазақ, бойдақ, білімі орта, Ақтөбе облысының тумасы.