Жаңаөзендегі газ бағасы: АЖҚС желісі мәлімдеме жасады

0
732

Бекеттер аймақта сыртқы факторлар әсерінен сұйытылған газ қымбаттағаннан кейін Qazaq Oil желісінде жанармай құны 65 теңге,


Жаңаөзендегі газ бағасы: АЖҚС желісі мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Qazaq Oil және "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттері Маңғыстау облысындағы сұйытылған газға қатысты мәлімдеме жасады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бекеттер аймақта сыртқы факторлар әсерінен сұйытылған газ қымбаттағаннан кейін Qazaq Oil желісінде жанармай құны 65 теңге, ал Жаңаөзенде 79 теңге көлемінде сақталып қалғанын атап өтті.

"Сұйытылған газға сұраныс күрт өсуіне қарамастан, Qazaq Oil белгіленген баға шеңберінде газды талондар мен жанармай карталары бойынша сатып, корпоративтік клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін толық орындауға міндеттенеді. Қор шектеулі болуына байланысты жеке тұлғаларға жанармай беруге лимиттер енгізілуі мүмкін", - деп мәлімдеді АЖҚС желісінің өкілдері.

Сонымен қатар, компания мәліметі бойынша, Энергетика министрлігі мәлімдеген литріне 85-90 теңге баға дәлізі шеңберінде 2022 жылғы 10-12 қаңтардан кейін жанармайдың қосымша көлемін жеткізу және сұйытылған газды шектеусіз беруді қайта бастау жоспарланып отыр.

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.