Жаңаөзендегі жағдай: газ бағасы 50 теңгеге түседі

0
1 175

Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды.


Жаңаөзендегі жағдай: газ бағасы 50 теңгеге түседі

Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. primeminister.kz- ке сілтеме жасап.

Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер жарияланды. Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз"ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды.

Сондай-ақ, алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.

Тараптар туындаған барлық мәселелерді сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті.