Жаңатастағы тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

0
925

3 қаңтарда екпіні 30 м/с-қа жеткен қатты желдің салдарынан Жаңатас қаласында 20 баған электр сымы құлаған.


Жаңатастағы тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

ERNUR.KZ. Бұған дейін Жамбыл облысының Сарысу ауданында электр қуатын беру қайта жанданса, енді жылумен қамту шараларын жүзеге асыруға кірісті, деп жазады sputnik.kz.

"ЖаңатаСуЖылу" ЖШС жылумен жабдықтау жүйесін сумен толтыру, айналым сорғыларының жұмысын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуді бастады", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, олар бір тәулік ішінде қаланың жылу жүйелерін кезең-кезеңімен іске қосып, барлық үйді толықтай жылу жүйесіне қосуды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, 3 қаңтарда екпіні 30 м/с-қа жеткен қатты желдің салдарынан Жаңатас қаласында 20 баған электр сымы құлаған.
Сондай-ақ, "Шахан" қосалқы станциясындағы қондырғы салқындап, соның салдарынан жылу жүйесінен су ағызылды. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.