Жәнібек Нупиров Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

0
2 361

2019-2021 жылдары — ҚР сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы.


Жәнібек Нупиров Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Жәнібек Нупиров Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР премьер-министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының төлемдерді реттеу және бақылау бөлімінің аға қазынашысы қызметінен бастады. 2000-2001 жылдары -Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының жетекші қазынашысы, бас қазынашысы. 2001 жылдан 2006 жыл аралығында Қаржы министрлігінің құрылымында бас маманнан бастап басқарма бастығына дейін түрлі лауазымдарды атқарды.

2006-2007 жылдары - ҚР Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары. 2007-2008 жылдары - ҚР ҚМ Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және әдістемесі департаменті директорының орынбасары.

2008-2010 жылдары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономикалық саясат және болжау департаменті директорының орынбасары, Корпоративтік даму департаменті директорының орынбасары, директоры.

2010-2013 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құрылымында жұмыс істеді.

2013-2019 жылдары - ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі.

2019-2021 жылдары — ҚР сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы.