​"Жаратушы бір, жолдары бөлек" - Назарбаев дін жайлы

0
1 563

"Діни қайраткерлер өздерінің жұмыстарын жоғары деңгейде атқару үшін тарихты, дінді білуі қажет. Дінді жаратушының бір екенін, бірақ діннің жолдары бөлек екенін түсінуі керек. Біз дәстүрлі әлем діндері басшыларының съезін өткізген кезде барлығы осы жайлы айтады. Алайда бір дін ішінде қандай соғыстар болып жатқанын қарап көріңіздерші", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


​

фото: Tengrinews.kz.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дінге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Астанада шет тілдерден аударылған 18 оқу құралы таныстырылды. Президент осы орайда редакторлар мен аудармашылардың жасаған еңбегін жоғары бағалады.

"Діни қайраткерлер өздерінің жұмыстарын жоғары деңгейде атқару үшін тарихты, дінді білуі қажет. Дінді жаратушының бір екенін, бірақ діннің жолдары бөлек екенін түсінуі керек. Біз дәстүрлі әлем діндері басшыларының съезін өткізген кезде барлығы осы жайлы айтады. Алайда бір дін ішінде қандай соғыстар болып жатқанын қарап көріңіздерші", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент академиялық ресурстарды жаңарту арқылы қоғамдық сананы модернизациялауға болатынын мәлімдеді.

"Осы кітаптардың мазмұнын қарап отырып, неге осыған дейін мұндай оқулықтар шығармағанбыз деп ойлаймын. Бізде ағылшын тілінде оқытатын университеттер бар екенін білемін - Назарбаев университеті, ҚБТУ және тағы мектептер бар. Олар мұны оқуы мүмкін. бірақ студенттер мен оқушылардың барлығы бірдейі мұны оқымайды", - деді Мемлекет басшысы.