Жарты әлемді шарлаған шетелдіктер Қазақстандағы жемқор полицейлерге таңғалды

0
1 888

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі туристердің айыптауларына жауап берді.


Жарты әлемді шарлаған шетелдіктер Қазақстандағы жемқор полицейлерге таңғалды

ERNUR.KZ. Германиядан келген туристер Қазақстандағы жемқор полицейлер туралы айтып, шағымданды. Отбасылық жұп Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында қазақстандық полицейлер олардан республика аумағында саяхаттау үшін ақша талап еткенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Лаура мен Ульрих әлем шарлауға УАЗ-бен шыққан. АҚШ-қа дейін бүкіл Еуразияны аралаған. Олардың айтуынша, Қазақстанның тәртіп сақшылары есте қалған. Себебі көлігін әртүрлі себеппен тоқтата берген және пара сұраудан да тартынбаған.

"Олардан бізді не үшін тоқтатқанын сұрағанда, жай ғана қозғалып келе жатқан соң дегендей көрсетті. Саудаласқан кездер де болды... Олар 10 мың теңге сұрады, айырбастау бағамы қандай болғаны есімде жоқ. Соңында 100 теңгеге түсіре алдық", - деді Ульрих.


"Еуропада полицеймен айыппұл мөлшеріне қатысты саудаласуды елестету де мүмкін емес", - дейді шетелдік.




Қазақстанның Ішкі істер министрлігі туристердің айыптауларына жауап берді. Ведомстводағылардың мәліметінше, шетелдіктер Қазақстанға 2019 жылы жазда келген. Алайда олардан полицияға арыз түскен жоқ.