Жарты жылда Алматыда 4 судья қызметінен босатылды

0
1 130

Олар қызмет барысында өрескел заңбұзушылық жасаған.


Жарты жылда Алматыда 4 судья қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов журналистермен есептік кездесуде соңғы алты айда Алматы қаласының төрт судьясының жұмыстан босатылғаны туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Өрескел заң бұзғаны үшін Алмалы аудандық №2 сотының судьясы Надежда Каралуппа, Түрксіб аудандық сотының судьясы Бибігүл Хасанова, Әуезов №2 аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке, Медеу аудандық сотының судьясы Нұрлан Бегайдар қызметінен босатылды.

«Медеу аудандық сотының судьясы Нұрлан Бегайдар азаматтық істі қарау кезінде заңбұзушылыққа жол берді. Жеке тұлғаның Ұлттық Банк алдындағы кепілдік міндеттемелері 25 млрд теңге болатын. Судья оны Ұлттық Банкке берген кепілдемесі ұзақ уақытқа негізсіз жарамсыз деп таныды»- дейді Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов.

Сондай-ақ, ол судья Надежда Каралуппованың жіберген қателіктерін айтты.

«Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық істі қарау кезінде Қашқынбаевтың өтініші бойынша ол өрескел заңбұзушылық жасады», - деді ол.

Бибігүл Хасановаға қатысты былай деді: «М.-ға қатысты азаматтық істі қарау кезінде басқарушы компанияның ЖШС-не мүлікті пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған кезде процессуалдық заңды өрескел бұзу фактісі анықталды. Судья қараудың процедуралық мерзімдерін бұзды», - деп толықтырды Нұрғазы Әбдіқанов.

«Біз мұндай мәселелерді аса үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Дөрекілік, заңбұзушылықтар немесе негізгі сот этикасына қайшы келетін жағдайлар кездессе, бірден шешуге тырысамыз. Ол солай болуы керек », - деді Алматы қалалық сотының төрағасы.