Жарылыс болған шахтаны биыл құзырлы органдар жаппақ болған

0
824

​"Арселор Миттал Теміртау" компаниясының апат орын алған "Абай" шахтасын көктемде құзырлы орындар қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан жаппақшы болған.


Жарылыс болған шахтаны биыл құзырлы органдар жаппақ болған

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының өндіріс қауіпсіздігі комитетінің нұсқауымен осы кен орнын жабуға қатысты материал сот органдарына жіберілген. Алайда шахтаны соңғы рет тексеру кезінде олқылықтар жойылып, ақау табылмаған, деп жазады inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, 7 қарашада аталмыш шахтада жарылыс болып, 6 адам көз жұмып, жарақат алған екі адам ауруханаға жатқызылған еді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен облыс әкімі Жеңіс Қасымбек марқұмдардың отбасына кіріп, көңіл айтып шықты. Биліктің сөзіне сенсек, марқұмдардың отбасына 10 жылға есептелген қаражатты аударады, несиелерін төлейді және қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген студент балаларының оқу ақысын төленеді.

Айта кетсек, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин оқыс оқиға болардан 10 күн бұрын ғана "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының басшысымен кездескен.

Кездесу барысында компанияның жаңадан тағайындалған бас директоры кеншілер қауіпсіздігі барынша сақталатынын айтып, уәде берген еді. Қазіргі уақытта ТЖМ металлургиялық комбинаттың өндірістік жұмысына қатысты сот арқылы талап қойған.