Жастарға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

0
909

Атауы түсініксіз, калька аударма негізінде жазылған бағдарлама 9 қарашада басталады.


Жастарға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

ERNUR.KZ. Елімізде тағы бір жастарға арналған «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық онлайн жастар жобасы іске қосылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтты, деп жазады baq.kz.

Атауы түсініксіз, калька аударма негізінде жазылған бағдарлама 9 қарашада басталады.

Президент тапсырмасына сәйкес жастардың цифрлық және кәсіптік білім деңгейін арттыру, спорттық-шығармашылық әлеуетін дамыту мәселелерін назарға алып отырмыз. Осы мақсатта 9 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ ұйымдастыруымен «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық онлайн жастар жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жастарды жаңа болмыс жағдайында біріктіру, зияткерлік қабілеті мен тұлғалық капиталын дамыту, сонымен қатар дағдыларын шыңдауға, жаңа қырларын ашуға, кәсіпкерлік, волонтерлік қызметін дамыту үшін жағдай жасау, - деді Шахмардан Байманов.

Ол биыл бұл бағыттағы онлайн іс-шаралардың біршамасын онлайн форматта өткізу жоспарланған деп отыр.

Сол себепті қазіргі күрделі жағдайды ескере келе республикалық онлайн жастар жобасын жүзеге асыруды жөн деп санадық, «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық жобасы - дәстүрлі іс-шара. 2018 жылы «Зеренді» республикалық білім лагерінде жоба ұйымдастырылған. Содан бері үшінші рет өткізілгелі отыр. Жобаға үш жылдың көлемінде белсенді жастар қатысқан, - деді комитет төрағасы.