Олардан коронавирус ифекциясының жеңіл түрі анықталған.
ERNUR.KZ. Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның әйелі коронавирус жұқтырды, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл ақпаратты Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті растады.
«Олжас Сүлейменов пен жұбайы РВ-90 ауруханасына жатқызылды. Олардан коронавирус ифекциясының жеңіл түрі анықталды. Қазір олардың жағдайы жақсы. Ертең олар ауруханадан шығарылады», - деді басқармадағылар.
Қазақ ақыны, тілтанушы, жазушы Олжас Сүлейменов өткен жылы 84 жасқа толды.
Олжас Сүлейменов - «Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», І дәрежелі «Барыс», «Отан» ордендерімен, көптеген отандық және халықаралық медальдармен марапатталған.