Жедел жәрдем қызметі күз және қысқы кезеңге дайын – Надыров

0
648

Жедел медициналық жәрдем қызметінде 3000-нан астам адам жұмыс істейді, бұл 180 бригада болып саналады.


Жедел жәрдем қызметі күз және қысқы кезеңге дайын – Надыров

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы жедел жәрдем қызметі вирус өршіген жағдайда пациенттерді қабылдауға дайын. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров әкімдіктің әлеуметтік желісінде өткен онлайн брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

Жедел жәрдем жұмысында сұраныстың азайғаны едәуір байқалады. Өтініштер мен шақыртулар саны соңғы айда 2200-ден 1400-ге дейін 1-3 санат бойынша және 280-ден 170-ке дейін 4 жеделдік санаты бойынша төмендеді. Вирус өршіген шақта біз мүлдем басқа көрсеткіштерді байқаған едік. Жедел жәрдем тәулігіне 8 000-ға дейін өтініш қабылдады. Ал әр екінші қоңыраудан кейін бригада өтініш берген науқастың үйіне барды, - деді басқарма басшысы.
Надыровтың айтуынша, жедел жәрдем шақырушылар арасында коронавирусқа байланысты өтініштер азайған.
Шілде айының басында өтініштердің 50%-ы коронавирусқа күдікті науқастар болды. Бүгінде шақырулар қатарында ЖРВИ, пневмония және коронавируске байланысты өтініштер санының азайғаны байқауға болады. Бұл барлық қоңыраулар санының 10%-нан аспайды, - деді ол.
Жедел медициналық жәрдем қызметінде 3000-нан астам адам жұмыс істейді, бұл 180 бригада болып саналады. Оның ішінде 365 дәрігер, 1388 фельдшер бар.
Жедел жәрдем қызметі күзгі және қысқы кезеңге дайын екенін де айта кеткейін. Вирус өршіген жағдайда қызмет көрсету тәулігіне 500-ге дейін пациентті қабылдауы мүмкін деген болжам бар. Қосымша 55 жедел жәрдем көлігі келіп түседі деп күтілуде, - деді Қамалжан Надыров брифингте.