Жеке тұлғалар Қазақстаннан шетелге 4 есе көп ақша аударған

0
905

​Бұл сырт мемлекеттен трансферттер көлемімен салыстырғандағы көрсеткіш.


Жеке тұлғалар Қазақстаннан шетелге 4 есе көп ақша аударған

ERNUR.KZ. 2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында шетелге ақша аудару жүйелері арқылы жөнелтілген жеке тұлғалардың халықаралық қаржы аударымдарының көлемі 921,3 млрд теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,2%-ға артық. Шетелден алынған қаражат көлемі өзгеріссіз қалды және 256,2 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 0,8%-ға ғана аз.

Шетелге жіберілген және шетелден алынған қаражат көлемі арасындағы айырмашылыққа тоқталсақ. Мәселен Қазақстан Республикасынан шетелге аударымдар бір жыл ішінде 2,8 еседен 3,6 есеге дейін өсті.

Елдер бойынша 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстаннан жөнелтілген ақша аударымдарының көлемі бойынша Өзбекстан (278,5 млрд теңге), Түркия (189,2 млрд теңге) және Ресей (162,1 млрд теңге) көш бастап тұр. Шетелден аударымдардың басым бөлігі Ресейден (48,7 млрд теңге), Өзбекстаннан (44,5 млрд теңге) және Оңтүстік Кореядан (36,2 млрд теңге) түсті, бұл алынған ақша аударымдарының жалпы көлемінің жартысынан сәл астамын құрады.

Өткен жылдың 11 айында елімізден тек жеке тұлғалардың аударған аударымдарының көлемі 1 трлн теңгеге жақындаған.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында жекелеген қаржылық және өнеркәсіптік топтардың капиталын шетелге шығарудың үлкен тәуекеліне назар аударды. Ұлттық банк пен Қаржы мониторингі және қаржы нарығын реттеу агенттіктеріне барлық операцияларды және елден қаражатты негізсіз алып жатқан тұлғаларды қатаң бақылау, тексеру тапсырылды.