Желі қолданушылары Ақтауда соққан найзағайдың суреттерін бөлісіп жатыр

0
998

Найзағай 21 тамызда кешке соқты.


Желі қолданушылары Ақтауда соққан найзағайдың суреттерін бөлісіп жатыр

ERNUR.KZ. Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде найзағайдың суреттері мен видеосын бөлісіп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Найзағай 21 тамызда кешке соқты.




"Ақтауда найзағайларға кастинг өткіздік. Ең күштісін таңдаймыз", - делінген сурет сипаттамасында.


Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр: "Табиғаттың барлық күші бір фотода", "Бұл шабыт түні болды".

Қазгидромет мәліметінше, 22 тамызда Ақтауда күндіз ауа температурасы 25-27, түнде 16-17 болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 20 метрге дейін жетеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанбады.

Синоптиктердің болжауынша, 23 тамызда күндіз ауа температурасы плюс 21-23, түнде 19 градус болады.