Желіде коронавирус туралы видео арқылы банк мәліметін ұрлайтындар пайда болды

0
865

Мұндай роликтерді алаяқтар жалған сайттар арқылы таратады.


Желіде коронавирус туралы видео арқылы банк мәліметін ұрлайтындар пайда болды

ERNUR.KZ. Алаяқтар COVID-19 туралы жалған видеолар арқылы банк деректерін қолды қылуы мүмкін, деп жазады Tengrinews.kz.

"Grandoreiro компаниясы коронавирус пандемиясы кезінде жұмысын қолға алды. Кибералаяқтар желі қолданушыларының қаржылық ақпараттарын қолды қылатын қауіпті бағдарламаны тарату үшін COVID-19-ды пайдаланып жатыр", - делінген хабарламада.

Сараптама орталығының мәліметінше, бұған дейін Grandoreiro дәстүрлі тәсілмен жұмыс істеген: қауіпті спам-хабарламаларды таратып, Java не Flash бағдарламаларының жалған жаңартылған түрімен таратқан.

Алайда енді алаяқтар SARS-CoV-2 туралы "құпия ақпарат" тарататын видеолар арқылы жасырын жұмыс істейді екен. Мұндай роликтерді алаяқтар жалған сайттар арқылы таратады. Видеоны қоспақ болған адамның компьютеріне бірден қауіпті бағдарлама жүктеледі.