Желіде қызу талқыланған қар барысының суреті қайда түсірілгені белгілі болды

0
1 904

​Сарапшылар жабайы жануардың жағдайын тексеріп, әлсіреген еркек барыс екенін анықтаған. Сондай-ақ, оның аяғы ақсақ әрі нашар көретіні белгілі болды.


Желіде қызу талқыланған қар барысының суреті қайда түсірілгені белгілі болды

ERNUR.KZ. Ер адамның Қызыл кітапқа енген қар барысының аяғын матап, аузына ағаш байлаған күйде желкесінен көтеріп тұрған суреті соңғы күндері әлеуметтік желіде кең таралды. Елең етерлігі сол, бұл сурет Қазақстанда түсірілген деген жаңсақ пікірдің айтылуы еді, деп жазады sputniknews.kz.




Желі қолданушыларының көпшілігі жарияланған сурет пен оның астына жазылған пікірлерде өзін белгілеп, түсініктеме сұрағандықтан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет ақпаратқа қатысты жағдайды баяндады.


"Бұл оқиға 2020 жылдың 4 мамырында Қырғызстан Республикасының Нарын облысындағы Емгек Талаа ауылында болған. Жергілікті тұрғын Жолдошбек Мұрсақматов Тескей-Торпо асуындағы өз шаруашылығында жабайы жануардың бұзауды жеп жатқан сәттінің үстінен түскен. Бұл туралы ол қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік агенттігіне хабарлаған", – деп жазды Ділдахмет.



Содан соң биоалуантүрлілікті және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау департаментінің қызметкерлерінен жедел топ құрылып, жануар табылған жерге жедел жеткен.

Сарапшылар сол күні жабайы жануардың жағдайын тексеріп, әлі кеткен еркек барыс екенін анықтаған. Сондай-ақ, оның аяғы ақсақ әрі нашар көретіні белгілі болды.


"Денсаулығына және жасына байланысты қар барысы өздігінен аң аулай алмай, малға шабуыл жасаған. Қызметкерлер ауланған барысты Ыстықкөл облысының Ананьево ауылындағы NABU-Қырғызстан (қоршаған ортаны қорғау орталығы) оңалту орталығына жеткізді", – деді Ділдахмет.