Желтоқсанда Байқоңырдан 3 зымыран-тасығыш ұшырылады

0
712

24 қарашада "Прогресс М-УМ" көліктік жүк кемесі мен "Причал" түйінді модулі бар "Союз-2.1б" зымыран-тасығышы ұшырылған болатын.


Желтоқсанда Байқоңырдан 3 зымыран-тасығыш ұшырылады

ERNUR.KZ. 2021 жылдың соңғы айында Байқоңыр ғарыш айлағынан 3 ұшырылым жасау жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 24 қарашасында "Прогресс М-УМ" көліктік жүк кемесі мен "Причал" түйінді модулі бар "Союз-2.1б" зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды. "Причалдың" Халықаралық ғарыш станциясымен сәтті түйісуін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:30-дан бастап roscosmos.ru сайтынан көруге болады.

Бұл – жыл басынан бері Байқоңыр ғарыш айлағындағы есеп бойынша 11-ші ұшырылым. Жоспарға сәйкес, 2021 жылдың желтоқсанында Байқоңырдан тағы 3 ұшырылым белгіленген. 2021 жылдың 8 желтоқсанында "Союз МС-20" көліктік басқарылатын кемесі бар "Союз-2.1а" зымыран-тасығышын ғарышқа жөнелту көзделген.

Экипаждар бір аптаға жуық уақыт Байқоңырда старт алдындағы даярлықтан өтіп жатыр. 12 желтоқсанда орта санаттағы "Экспресс-АМУ3", "Экспресс-АМУ"7 геостационарлық телекоммуникациялық аппараттары бар "Протон-М/Бриз-М" зымыран-тасығышы ұшырылмақ. Ал 27 желтоқсанда Байқоңырдан OneWeb спутниктерінің кезекті партиясы тиелген "Союз-2.1б" зымыран-тасығышын ұшыру белгіленді.