Жер: мораторий тағы бес жылға созылды

0
748

​Ал топырақ құнарлығын анықтау үшін ауылшаруашылық жерлері инвентаризацияланбақ.


Жер: мораторий тағы бес жылға созылды

ERNUR.KZ. Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында комиссия мүшелері жер иелігіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылғы ұзарту жөнінде шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

Комииссия төрағасы Ералы Тоғжанов жиында айтылған ойларды, қоғамның пікірін, сондай-ақ бұл мәселенің еліміздің ауыл шаруашылығымен экономикасы үшін маңыздылығын ескеру керегін айтты. Отырыс соңында сөз алған төраға халықтың сенімінен шығатын шешім қабылдау керегін де атап өтті.

Сондай-ақ көптен бері айтылып келе жатқан пай мәселесін де қолға алуға шешім қабылданды. Содан кейін топырақ құнарлығын анықтау мақсатында ел бойынша ауылшаруашылық жерлерді толықтай инвентаризация жүргізілу қажеттігі де айтылды. Ауылшаруашылық жерлердің кадастрлық құнын қайта қарау туралы да айтылды. Мамандардың айтуынша бұл он жылдан бері қаралмаған сұрақ.

«Ауылшаруашылық жерлерді электронды форматта, көпшілікке ашық түрде беру қажет. Барлық азаматтар жерді иелікке немесе пайдалануға берудің әділетті және ашық өтетініне көз жеткізуі керек. Ал, меншікке байланысты «болады не болмайды», деп шешім қабылдамай, соны болашаққа қалдыру керек деп ойлаймын. Асығыстық жасауға болмайды. Сондықтан жер иелігіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген моратори мерзімін 5 жылғы ұзартуды ұсынамыз», – деді Ералы Лұқпанұлы.

Бұл ұсынысты жиынға қатысып отырған 67 комиссия мүшесінің 63 қолдап, 4 адам қалыс қалды.