Жер сілкінісі: Қытайда тағы афтершок тіркелді

0
456

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 15 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 07:47-де тіркеген.


Жер сілкінісі: Қытайда тағы афтершок тіркелді

ERNUR.KZ. Қытайда тағы да жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 15 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 07:47-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,7. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,7", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.