"Жерлеу құны 500 мың теңге": Қарағанды облысының әкімі жағдайды түсіндірді

0
1 516

​Қазір адамның неден қайтыс болғанына қарамастан, жерлеу қызметіне кететін шығынның нарықтағы бағасы – 150 мың теңге. Желіде тараған ақпарат расталған жоқ


ERNUR.KZ. Қарағанды облысында қайтыс болған адамды жерлеуге кететін шығын 150 мың теңгеден қымбат болмайды. Бұл жайында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Желіде жерлеу қызметінің құны 500 мың теңге болып жатыр деген ақпарат тарады. Қазір адамның неден қайтыс болғанына қарамастан, жерлеу қызметіне кететін шығынның нарықтағы бағасы – 150 мың теңге. Желіде бұл ақпарат тараған соң оны тексеруді бастадық. Қарағандыдағы мәйітханада жатқан денені жерлеу үшін 500 мың теңге сұрады деген ақпарат расталған жоқ", - деді Қасымбек.


Сонымен қатар облыстағы әкімдіктер жерлеу шараларын өткізетін қызметкерлермен сөйлесіп, бір келісімге келген.


"Егер марқұмды облыстың басқа жеріне жеткізу қажет болса, жалпы бағасы 200 мың теңгеден жоғары болмайды. Біз осылай келістік. Егер осы бағадан қымбат баға ұсынатын болса, әкімдік бақылауына алады", - деп түсіндірді өңір басшысы.