Жеті адамның өмірін қиған Қостанайдағы ірі жол апатының видеосы жарияланды

0
2 496

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Жеті адамның өмірін қиған Қостанайдағы ірі жол апатының видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. 2 наурызда Қостанай облысында жол талғамайтын екі көлік бетпе-бет соқтығып, апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

Қостанай-Әулиекөл-Сурган тас жолында ірі жол апаты болды.

Полицияның мәліметінше, Lexus көлігін тізгіндеген Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны алдындағы көлікті басып озу үшін қарама-қарсы жолаққа шығып, 63 жастағы елордалық ер адам басқарған Mitsubishi Pajero автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан жеті адам оқиға орнында қайтыс болды (Lexus-тен үш адам және Mitsubishi Pajero-дан төрт адам).

Lexus жол талғамайтын көлігі Қостанайдан Нұр-Сұлтанға қарай бет алған, ал Mitsubishi Pajero Қостанай қаласына қарай кетіп бара жатқан, деп толықтырды полициядағылар.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.