Оқыс оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болды.
ERNUR.KZ. Жетісу облысында түнде жол ортасында отырған адамды көлік қағып кеткен сәт видео тіркегішке жазылып қалған, деп жазады Zakon.kz.
Оқыс оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болды. Алматы - Өскемен тас жолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кетті.
Полицейлер марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін отырғанын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.