Әлеуметтік желіде бір бүйіріне аударылған жүк көліктерінің видеосы тарады.
ERNUR.KZ. Жетісу облысында қатты желдің салдарынан екі жүк көлігі аударылып қалды, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желіде бір бүйіріне аударылған жүк көліктерінің видеосы тарады. Автор жол апатының Алакөл ауданындағы Үшарал - Достық тас жолында болғанын түсіндіреді. Жергілікті полиция бұл ақпаратты растады. Ведомствоның хабарлауынша, аталған жолдың Ырғайта өзенінің маңындағы учаскесінде жиі байқалатын қатты жел салдарынан жүк көліктері аударылып қалған.
"Екі жүк көлігі Үшарал - Достық тас жолының 60 шақырымынан 120 шақырымына дейінгі учаскеде жүк және жолаушылар тасымалына қозғалысты шектеу кезінде болды. Екі жүргізушінің де кім екені анықталды. Екеуі де аман-сау. Көліктер тұрғызылып, тиісті бағдар бойынша қозғалысты жалғастырды", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, қазір бұл бағыт барлық көлік түрінің қозғалысы үшін ашық.