Жетісу облысында толғатып жатқан әйелді ауруханаға жеткізбек болған жедел жәрдем көлігі өртенді

0
252

Оқиға 8 қараша күні “Алматы-Өскемен” тасжолында болған.


Жетісу облысында толғатып жатқан әйелді ауруханаға жеткізбек болған жедел жәрдем көлігі өртенді

ERNUR.KZ. Жетісу облысы Қабанбай ауылынан Үшарал қаласының ауруханасына шыққан жедел жәрдем көлігінен ақау шыққан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Көліктің төменгі бөлігінде өрт шығып, жедел жәрдем қозғалысын жалғастыра алмады. Қабанбай ауылынан толғатып жатқан жүкті әйелді дәрігерлер Үшарал қаласына жеткізбек болғаны белгілі болды. Біздің қызметкерлер Айдын Ғазизов пен Данияр Жақсыгелдинов әйелді дереу полиция патрульіне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді, онда әйелге қажетті көмек көрсетілді», - деді Жетісу облысы ППБ бастығының орынбасары Абылай Беркендіков.