Жетісу облысында туристерді көлігімен бірге су ағысы алып кеткен

0
1 319


Жетісу облысында туристерді көлігімен бірге су ағысы алып кеткен

Құтқарушылар дер кезінде туристерді аман алып қалды, деп жазады inbusiness.kz.



Ескелді ауданындағы Қора шатқалында Текелі қаласынан 28 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары екі ер адамды құтқарды. Олар жол талғамайтын көлікпен өзеннен өтпекші болғанда қатты су ағысы алып кеткен.


"Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!", – делінген хабарламада.