Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқының кесірінен адам мерт болды

0
569

45 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.


Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқының кесірінен адам мерт болды

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласының шыға берісінде болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Audi A8 автокөлігі кенеттен жолға шауып шыққан ірі қарамен соқтығысқан.

Сурет: polisia.kz

45 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Көліктегі 54 жастағы жолаушы ер адам түрлі жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды.