Жетісу облысының полицейлері «синтетика» сатушыны ұстады

0
852

Ер адам бұдан бұрын есірткі заттарын сақтау және сатумен байланысты қылмысы үшін сотталған.


Жетісу облысының полицейлері «синтетика» сатушыны ұстады

ERNUR.KZ. Жетісу облысының полицейлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізіп, 51 жастағы «синтетика» сатушыны ұстады, деп жазады inform.kz.

ІІМ мәліметінше, ер адам бұдан бұрын есірткі заттарын сақтау және сатумен байланысты қылмысы үшін сотталған.

Қаратал ауданының Ескелді ауылында орналасқан жеке үйінде тәртіп сақшылары өсірілген марихуананың 108 түп тамырын тапты. Сондай-ақ дайын кептірілген 40 қарасора түптері, есірткі оралған түйіншіктер, оның ішінде «синтетикалық» есірткілер және қолдануға арналған әртүрлі құралдар табылды.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары, синтетикалық есірткіні өткізу және сақтау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, сату және сақтауды көздейтін, қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр», - деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.