Батырлан Ахметов Жезқазған қаласы әкімі қызметіне 2014 жылдың тамыз айында келген болатын.
Жезқазған әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен жұмыстан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Келіп түскен өтінішке байланысты Жезқазған әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен жұмыстан қуылды. Міндеттерді уақытша орындау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Амангелді Мұхамбединге жүктелді", - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.
Батырлан Ахметов Жезқазған қаласы әкімі қызметіне 2014 жылдың тамыз айында келген болатын. Әзірше оның қызметтен кетуіне не себеп болғаны белгісіз.