Жезқазғанда жаңа жылу электр орталығы салынады

0
795

Тағы алты қалада газ станцияларын салу жоспарланып отыр.


Жезқазғанда жаңа жылу электр орталығы салынады

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласында 2029 жылдың соңына дейін жаңа жылу электр орталығын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Министрдің айтуынша, елдегі электр энергиясы тапшылығын жабу және экспорттық әлеуетті ұлғайту үшін Электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Мұнда қосымша шамамен 26 ГВт жаңа қуаттарды енгізу қарастырылады.
"Жоспарда қуаты 6,7 ГВт жаңа генерация салу көзделген. Маневрлік генерацияны іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу аясында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында жалпы қуаты 2,4 ГВт газ станцияларын салу жоспарланып отыр. Жезқазған қаласында 2029 жылдың соңына дейін қуаты 500 МВт жаңа жылу электр орталығын салу көзделген", - деді Сәтқалиев үкімет отырысында.
Сондай-ақ, айтуынша, қуаты 5 ГВт ауқымды жобалар стратегиялық инвесторлармен пысықталып жатыр.