​“Жігіттер бұларың не!?” Өскемен тұрғыны көшенің ортасында ұйықтап жатқан полицейлерді оятып жүр (видео)

0
1 278

Русланның көздегені – полицейлерді кемсіту емес, керісінше сын айтып, міндерін түзеу.


​“Жігіттер бұларың не!?” Өскемен тұрғыны көшенің ортасында ұйықтап жатқан полицейлерді оятып жүр (видео)

ERNUR.KZ. Өскемендегі жол патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін сақтай ма? Сақтағаны былай тұрсын, тәртіп сақшылары қаланың қақ ортасында қызметтік көліктерінде ұйықтап отыр. Ал енді бір полицейлер тротуарға көліктерін қойып, жаяуларға кедергі келтірген, деп жазады altaynews.kz.


Заң алдында бәріміз бірдейміз. Осы ұстаныммен жүретін өскемендік Руслан Тлепов жоғарыда айтылған жағдайларды ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп алған.

— Бүгін таңғы 6:46 шамасында Мызы көшесінің бойында жол патрульдік полиция қызметкерлерінің ұйықтап отырғанын көріп қалдым. Бұл бірінші рет емес. Осыған дейін де ұйықтап жатқандарын түсірген едім. Бар ойым полицейлер өз қызметтеріне лайықты болса екен, – дейді Руслан Тлепов.

«Анттарыңа адал болсаңдаршы» деп погондыларға ақылын айта жүріп түсірген бейнематериалын редакциямызға ұсынды. Русланның көздегені – полицейлерді кемсіту емес, керісінше сын айтып, міндерін түзеу.

Мін түзеле қойса ғой. Дәл осы күні Өскеммендегі Сәтпаев даңғылы 14/2 үйдің жанында Русланның бейнекамерасына полицейлердің тағы бір тәртіпсіздігі ілінеді. Ол тротуардың дәл үстінде тұрған полиция көлігі еді.


— Екі жағдай бойынша да құқық қорғау қызметкерлеріне арыздандым. Тиісті шара қолданылатын шығар, – дейді Руслан.

Көрейік. Осы мақалаға байланысты құқық қорғау органдары бізге де бір жауабын беретін шығар. Сотқа бермесе болды. Әйтпесе әділдік іздеген Руслан Тлеповті полицейлер сотқа да берген көрінеді.