Жиһаз бен көлікті шетелден сатып алуға тыйым салынды

0
621

Әбден шетелдік кеңсе жиһаздарын пайдаланып, шетелдік автокөлікке мініп үйренген шенеуніктер жаңа талаптарға амалсыз көнеді.


Жиһаз бен көлікті шетелден сатып алуға тыйым салынды

иллюстрациялық фото

Жиһаздар мен автокөліктерді шетелден сатып ала алмайды. Енді мемлекеттік органдарға осындай тыйым бар. Үкіметтің қаулысы отандық кәсіпорындардың асығын алшысынан түсіргелі тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Әбден шетелдік кеңсе жиһаздарын пайдаланып, шетелдік автокөлікке мініп үйренген шенеуніктер жаңа талаптарға амалсыз көнеді. Екі жыл бойы олар бұған дейін менсінбей келген отандық тауарларды мемлекеттік сатып алулар арқылы алатын болады. Үкімет «Қазақстанда жасалған» кеңсе жиһаздары мен көліктердің тізімін жасап қойған. Бұл атқарушы биліктің импорт көлемін азайтып, дағдарыс тұсында отандық тауар өндірушілерді қолдаған қадамы.

2020 жылы Министрлер кабинеті мемлекеттік органдарға автокөлік және жиһаз сатып алуға тыйым салған. Сол кезде үш жылда бюджеттің 6 триллион 400 миллиарды үнемделетінін айтып еді. Бұл жолы да бірнеше триллион ел қазынасында қалатын сыңайлы.