"Жиһаздың есігі сынып жатыр, медбикелер оны жасырып әлек" - Ахметов ШҚО-дағы аурухана туралы

0
2 690

Ахметов аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп екенін айтты.


ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Қайнар ауылына жұмыс сапарымен барып, онда әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйімен танысты, деп жазады Tengrinews.kz.

Әкім аралаған әлеуметтік нысандардың қатарында Қайнар ауылындағы орталық аурухана да болған. Ахметов аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп екенін айтты.

"Қараөлең ауылдық округінің 2500 тұрғынына қызмет ететін аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп. Дәрі сақталатын қарапайым жиһаздың есігі сынып жатыр, өкініштісі, мейірбикелер оны жасырып әлек. Науқастар жататын бөлмелерде су жоқ, есіктерінің тұтқасы түсіп, әрең ашылып, жабылады", - деді облыс әкімі.