Жоғалған 13 жасар қыздың денесі Көкшетау маңындағы орманнан табылды

0
1 941

Шаштаразға кеткен қыз өлі табылды.


 Жоғалған 13 жасар қыздың денесі Көкшетау маңындағы орманнан табылды

ERNUR.KZ. Полиция сегіз күн бойы іздеген 13 жасар қыздың денесі табылды, деп жазады Stan.kz.

"28 тамыз сағат 17:45 кезінде Көкшетау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Краснояр кентінен 5 шақырым жердегі орман алқабынан жоғалған жасөспірім Әйгерім Хайдарованың жерге көмілген денесін тапты", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда қыздың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 25 тамызда іс қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" санатына ауыстырылды.

Полиция 13 жасар қызды жоғалып кеткен күні көрген болуы мүмкін 200-ден астам куәгерлерден жауап алды. Іздеуге еріктілер қосылды.