Жоғарғы сот кеңесі 8 судьяны лауазымынан босатуды ұсынды

0
2 323

Жоғарғы сот судьясы, сот алқаларының төрағалары лауазымының кадрлық резерві жөніндегі Республикалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ басшы және жоғары судья лауазымдарының кадрлық резерві жасақталды.


Жоғарғы сот кеңесі 8 судьяны лауазымынан босатуды ұсынды

Бұл туралы Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовтың басшылығымен өткен кеңестің кезекті отырысында ұсыныс айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс қорытындыларына орай, судья болуға кандидаттарды тағылымдамадан өткізудің жаңа тетігі мақұлданып, жаңғыртылатын біліктілік емтиханы кезеңдерінің мазмұны бекітілді, аудандық және оған теңгерілген сот төрағасы, облыстық және оған теңгерілген сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы сот судьясы, сот алқаларының төрағалары лауазымының кадрлық резерві жөніндегі Республикалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ басшы және жоғары судья лауазымдарының кадрлық резерві жасақталды.

Кеңес Жоғарғы сот төрағасының зейнетақы жасына жеткен екі судьяның лауазымын атқару мерзімін ұзарту туралы шешіміне келісім берді, сегіз судьяны лауазымынан босату, сондай-ақ үш сот төрағасын, өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, басқа соттарға конкурссыз тағайындау туралы ұсыныс берді.

Бұдан тыс, Жоғарғы сот кеңесінің Регламентіне бос тұрған судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеу конкурсының критерийлік-балдық жүйеге негізделген жаңа тәртібін регламенттеуді, сондай-ақ лауазымдағы судьялар мен судья болуға үміткерлер бос тұрған судья лауазымдарына өткізілетін конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттардың тізімін оңтайландыруды көздейтін өзгертулер мен толықтырулар бекітілді.

Судья болуға үміткерлерді тағылымдамадан өткізудің жаңа тетігі, жаңғыртылатын біліктілік емтиханы кезеңдерінің мазмұны туралы толық ақпарат ведомствоның интернет-ресурсындағы «Судья болуға үміткерлер үшін ақпарат» бөліміне орналастырылады.