"Жол апатынан 14 оқушы қайтыс болды": желіде тараған видеоның мән-жайы анықталды

0
981

​Облыстық полиция департаменті 14 оқушы көз жұмғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы тарап кетті. Ал мәтінде 14 оқушының қайтыс болғаны туралы айтылған. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Айшабибіде маевкадан қайтып келе жатқан 14 оқушы қайтыс болыпты. Ата-аналар чатына салыңыздар! Балалар ата-ана жанында болсын", - делінген видеоның сипаттамасында.



Жамбыл облыстық полиция департаменті жол апаты 24 мамырда Айша Бибі ауылының жолында болғанын хабарлады.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Таразға қарай келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі BMW көлігінің соқтығысқанын анықтады. Жол апатынан BMW-ның 19 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы сол жерде қайтыс болды", - дейді полицейлер.

Бұдан бөлек, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.