Жол салу және жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмейді – Мемлекет басшысы

0
582

Көлік саласын дамыту жұмысы ақсап тұрғанын, сондықтан, мәселемен жүйелі түрде айналысу қажет екенін атап өтті.


Жол салу және жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмейді – Мемлекет басшысы

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың көлік жүйесіне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Тағы бір маңызды мәселе – Астананың көлік жүйесін дамытуға қатысты. Автокөлік саны жыл сайын көбейіп жатыр. Сол себепті, көлік кептелісі өте күрделі мәселеге айналды. Бұл, тіпті, қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызып отыр.
Мысалы, Мәңгілік ел даңғылы кептелістен көз ашпайды. Тәуелсіздік даңғылында салынып жатқан көпірдің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Сонымен қатар, кіші айналма жолдың құрылысы созылып кетті. Оның үстіне, жаңа тұрғын үй кешендерін салғанда жол мәселесі толыққанды ескерілмей жатыр.

Көлік саласын дамыту жұмысы ақсап тұрғанын, сондықтан, мәселемен жүйелі түрде айналысу қажет екенін атап өтті.

"Қала жолдарының жай-күйі де мәз емес. Мысалы, кейбір көшелер жыл сайын жөнделеді. Бірақ көктем шыққанда жолдың сапасы сын көтермейді.
Ал, кейбірі мүлдем қараусыз қалған. Бұл – жол салу және жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмейді деген сөз. Бұл мәселені Үкімет мен әкімдік арнайы қарауы керек. Қажет болса, мердігерлерді ауыстыруға тиіс"