Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды

0
2 484

Ертаев жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.


Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Экс-банкир Жомарт Ертаев екінші қылмыстық іс бойынша тағы да түрме жазасын алды, деп жазады Tengrinews.kz.

Сот үкімімен Ертаев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және жалған құжаттар дайындағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды және материалдық жауап артылатын қызметпен айналысу құқынан 10 жылға айырылды. Ертаев жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Сондай-ақ, осы қылмыстық іс бойынша тағы бес адам сотталды. Мәселен, кәсіпкер Нұрлан Тілеубаев аса ірі көлемдегі алаяқтық пен жалған құжаттар жасауда кінәлі деп танылды. Ол орташа қауіпсіздік колониясында 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да 10 жылға материалдық жауап артылатын лауазымға ие болу құқынан және мемлекеттік марапаттарынан айырылды.