Министр Қарабаев биыл жыл басында бұл жобаға 52 миллиард теңге бөлінгенін айтты.
ERNUR.KZ. Көлік министрі Марат Қарабаев Астанадағы LRT жобасының құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен тағы 45 миллиард теңге, ал жұмыс көлемі ұлғайса 150 миллиард теңгеге дейін қаражат қажет болатынын айтты, деп жазады stan.kz.
Министр Қарабаев биыл жыл басында бұл жобаға 52 миллиард теңге бөлінгенін айтты.
“Бұқаралық ақпарат құралдарында қазір осы соманы біз сұрап отырмыз деген ақпарат шықты. Олай емес. Ол сома бөлініп, құылымның тіреулерді орнату үшін “сваи” қағу жұмыстары 96 пайызға аяқталды. Тіреулерді орнатудың өзі 76 пайызға аяқталды. Сондай-ақ, құррылымдарын бір-біріне жалғау жұмыстары 82 пайызға аяқталды. Бұл биыл аяқталған жұмыстар”, – деді Марат Қарабаев.
Министрдің айтуынша, келесі жылы құрылыс монтаж жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 45 миллард теңге керек болады. Ал, жұмыс ауқымы ұлғайса тағы 150 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлу сұралатынын атап өтті. Оның айтуынша қазір құрылыс алаңында мың жарымға жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. Нысанды аяқтау мерзімі 2025 жылға жоспарланған. Министр алғашқыда 8 станция мен 5 пойыз жұмысты бастайтынын айтты.